Беттiң мысалы

Компанияның тарифтері

Тұрғындарға 01.05.2016 ж. бастап
Орташа тариф 12,97 теңге/кВт*с (ҚҚС есепке алғанда).
төмеңгі тариф (70 кВт*с дейін) – 9,51 теңге/кВт*с
орташа тариф (70 бастап 140 кВт*с дейін) – 15,57 теңге/кВт*с
жоғары тариф (140 кВт*с жоғары) – 19,45 теңге/кВт*с
Заңды тұлғаларға арналған 01.04.2017 ж. тарифі
Орташа тариф 15,50 теңге/кВт*с (ҚҚС есепке алмағанда).
түңгі аймақ тарифі (сағат 23:00 бастап 07:00 дейін) – 7,50 теңге/кВт*с;
күндізгі аймақ тарифі (сағат 07:00 бастап 19:00 дейін) – 15,50 теңге/кВт*с;
кешкі аймақ тарифі (сағат 19:00 бастап 23:00 дейін) – 29,04 теңге/кВт*с.

 

«АЭСК» ЖШС компаниясы туралы

«Астанинская ЭнергоСбытовая Компания» (АЭСК) ЖШС Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Стратегия-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Халқына жолдауында алға қойған міндеттерді іске асыру, атап айтқанда, халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыру, сондай-ақ «Астанаэнергосервис» АҚ құрамында Астана қаласы әкімдігінің тікелей қатысуымен астананың тұтынушыларын энергиямен сенімді жабдықтау талаптарын жасау үшін құрылған болатын.

Компания өзінің қызметін 2012 жылдың қаңтарынан бастап, клиенттер мен серіктестіктерге қатысты ақпараттық ашықтық пен айқындылық, сондай-ақ сатылатын электр энергиясы мен көрсетілетін қызметтің тұрақты сапасын қамтамасыз ету принциптеріне негіздей отырып бастаған болатын. Компания қызметін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі 2015 жылғы 22 шілдеде берген №15013620 лицензиясының негізінде жүзеге асырады.

«АЭСК» ЖШС бүгінгі күні әртүрлі тұтынушылармен оң жұмыс тәжірибесіне ие және жеке тәсілмен үйлесетін қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын ұсынады. Компания 1824 жеке тұлғалар мен 272 заңды тұлғаларға электр энергиясын жеткізеді, олардың арасында мемлекеттегі стратегиялық маңызды объектілер, шағын және орта кәсіпорындар бар.

«АЭСК» ЖШС Астана қаласында төмен тарифтер бойынша электр энергиясын іске асырады. Компания Қазақстан Республикасының Президенті алға қойған шағын және орта бизнес пен өндірістік шығындарды азайтуға қолдау көрсету тапсырмаларының аясында, заңды тұлғалар үшін электр энергиясының тарифін бірнеше мәрте төмендетті.

Компанияның артықшылығы – электр энергиясының тарифтері бойынша бәсекелестік ұсынысы және тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейі, сондай-ақ энергиямен жабдықтау қызметінің төлемі бірыңғай төлем құжаты (БТҚ) арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті көрсету сапасын арттыру мақсатында «АЭСК» ЖШС жаңа ресми сайты іске қосылды. Ол сайттан онлайн режимінде барлық қызықтыратын сұрақтардың жауабын алуға болады.

Компанияның басшылығы:

Директор – Ильяс Бакытжан Нассенұлы

Директордың орынбасарыДюсенов Руслан Тельманович